![]()
- Астана қаласы әкімдігінің №38 «Шаттық» балабақшасы» Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын 2007 жылдың 1-ші қазан айында «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған. МКҚК №38 «Шаттық» балабақшасы штаттық кестесіне сәйкес жұмыс жасайды. Білім беру барысында еңбек өтілі 1 жылдан 30 жылға дейінгі 29 педагог қызмет етеді.Олардың ішінде:1 меңгеруші, 2 әдіскер, 1 психолог, 1 ағылшын тілі мұғалімі, 1 логопед, 2 музыка жетекшісі, 2 дене шынықтыру жетекшісі, 19 тәрбиеші жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі мекеме атауы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №38 «Шаттық» балабақшасы МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны №38 «Шаттық» балабақшасы 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.
Жоба қуаттылығы 240 орын.
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) тұрғын алыбы. Бурабай көшесі, 40үй. Телефоны: +7 (7172) 56-88-50; 33-57-25; 29-33-15. Эл. поштасы: аstanashattyk38@mail.ru