Балабақшамызда 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге балалардың көңілін көтеру мақсатында, көңілді сайқымазақтар өз сыйлықтарымен келді.
Сайқымазақтар балалармен би билеп, ойындар ойнады және балаларға асфальтқа сурет салғызды.Мереке соңында әр балаға тәтті сыйлықтар таратылды.
Өз кезегінде бақшамыздың меңгерушісі Ажар Кунашпаевна балаларды мерекемен құттықтап, жақсы тілектер айтты.